Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Есірткісіз Қазақстан" акциясы: Өскемен мектептерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

"Есірткісіз Қазақстан" республикалық акциясы аясында Өскемен қаласының №45 орта мектебінде оқушылармен есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мектеп оқушыларының алдында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағатбек Малтүгелов, сондай-ақ ШҚО ПД есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы профилактикалық кеңесінің мүшесі Ләйлә Төлеубекова сөз сөйледі.

Кездесу барысында жасөспірімдерге есірткі және психоактивті заттарды қолданудың негізгі қауіптері мен ауыр салдары түсіндіріліп, есірткі құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар интернет пен әлеуметтік желілер арқылы кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту қаупі туралы хабардар болудың маңызы атап өтілді.

Өскелең ұрпақтың бойында есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өз болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылар оқушыларды қырағы болуға, күдікті жағдайлар туындаған кезде ересектер мен құқық қорғау органдарына уақытылы көмекке жүгінуге шақырды.

Жастармен бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру