Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті

Атырауда полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және жергілікті полиция қызметі бөлімі қала прокуратурасымен бірлесіп, "Заң және тәртіп" қағидасы аясында студенттер мен оқушылардың ата-аналарымен ауқымды кездесу өткізді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және есірткінің қауіпті салдарын түсіндіру.

Шара барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылық мәселесін талқылады. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғам дертіне айналған нашақорлықтың жастар өміріне тигізетін кері әсері, оның денсаулыққа, психологиялық жағдайға және болашаққа тигізер зияны жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Тәртіп сақшылары есірткіге тәуелділікке әкелетін факторларды атап, одан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Іс-шараға қатысқан студенттер мен ата-аналар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шара соңында полицейлер жасөспірімдер арасында есірткі саудасын жүргізетін тұлғалардан сақ болу керектігін және әлеуметтік желілер арқылы таралатын жасырын есірткі жарнамаларының қаупін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру