«Есірткісіз болашақ»: Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өткізілді
Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының 29-31 күндері аралығында «Есірткісіз болашақ» атты бокстан жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді. Аталмыш турнир Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық спорт басқармасы, бокс федерациясының қолдауымен, Маңғыстау облысы бокс мектебінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
Жарыста барлығы 70-ке жуық қатысушы бақ сынасты. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды ПД ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі А.Әмірғалиева арнайы диплом және медальдармен марапаттады. Мұндай шаралар жастар арасында спортты дәріптеу мақсатында тұрақты негізде өткізіліп тұрады.