Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еске алу турнирі: дзюдошылар генерал-майор Рүстем Қайдаровтың рухына тағзым етті

Еске алу турнирі: дзюдошылар генерал-майор Рүстем Қайдаровтың рухына тағзым етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Қайдаровтың туғанына 85 жыл толуына орай дзюдодан республикалық турнир өткізілді. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 20-дан астам команда татамиде кездесіп, тергеу органдарының қалыптасуына елеулі үлес қосқан қайраткердің рухына тағзым етті.

Іс-шараға ІІМ ардагерлері мен қызметкерлері, ІІМ Ұлттық ұлан, спорт саласының өкілдері мен Қайдаровтың жұбайы Аймен Қайдарова қатысты. Әр белдесу – батырлық пен әділдік жолында өмір сүрген тұлғаға деген зор құрметтің көрінісі болды.

Командалық есепте жеңіс Ұлттық ұлан құрамасына бұйырды, 2-орынды Абай облысы полиция департаменті, 3-орынды Ақтөбе облысының атынан қатысқан команда иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру