Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ескелді ауданының полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тауып, анасына тапсырды

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескелді ауданының тәртіп сақшыларынан көмек сұраған 12 жастағы жасөспірімнің анасы ұлының белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмағанын хабарлаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында 2008 жылы туған бала анасымен ренжісіп, таңғы 07-30 шамасында киімдерін жинап, үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.

– Жасөспірімнің мекенжайын анықтау үшін кеңауқымды іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеу жұмыстарына жеке құрам толығымен жұмылдырылды. Нәтижесінде іздеудегі бала Текелі қаласында тұратын досының үйінен аман-есен табылды. Үйіне жеткізіліп, анасына тапсырылды. Жасөспірімнің ақыл-есінің дамуында ақау бар екенін ескеріп, баламен және оның анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деді Ескелді ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Солтубеков.

Өз кезегінде «бауыр еті – баласының» аман-есен табылғанына қуанған анасы тәртіп сақшыларына алғысын жаудырды. Жасөспірімнің жақындары қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін мұндай әрекеттің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдайтындарын айтып сендірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру