Федуновтар әулеті: "Заңға қызмет ету – отбасылық іс"
Федуновтар үшін 23 маусым – Қазақстан полициясы күні – ерекше мереке. Бұл – оларды тек отбасы ретінде емес, әріптес, қызметтес ретінде де біріктіретін күн. Polisia.kz сайты Отанға қызмет етуді таңдаған антына адал жандар туралы ақпарат ұсынады.
Біз көбінесе педагогтар, дәрігерлер, әскери қызметкерлердің әулеттері туралы естиміз. Олар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кәсіби дәстүрдің, таңдаған мамандығына деген құрметтің символы. Мұндай отбасыларда балалар кішкентайынан жауапкершілік пен қызмет ету рухын бойына сіңіріп өседі.
Династия сөзі – тұрақтылық пен сенімділікті, дәстүрге адалдықты білдіреді. Қазіргі заманда мұндай отбасылар сирек сияқты көрінуі мүмкін, бірақ олар әлі де бар және нығая түсуде. Соның айқын мысалы – көліктегі полиция департаментімен тығыз байланысы бар Федуновтар отбасы.
Бұл династияның іргетасын қалаған – Алексей Федунов. Ол ішкі істер органдарында 25 жыл қызмет етті. Қарапайым милиция қызметкерінен бастап, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, қоғамдық қылмыстарды тергеу бөлімінің басшысы, кейін оперативтік жұмыс бойынша бастықтың орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Қызметін полиция подполковнигі шенінде аяқтады. Кәсіби шеберлігі мен қайтпастығы үшін әріптестері арасында зор құрметке ие болды.
ҚР ІІМ мен көліктегі полиция департаментінің бірнеше марапатымен наградталған. Оның ұлдары – егіздер Владимир мен Никита бала күнінен әкесінің полициядағы қызметі мен оқиғаларын тыңдап өсті. Әке тәрбиесі, отбасыдағы тәртіп пен рух – олардың өмірлік жолына бағыт берді. Мектепті бітірген соң, екеуі де ҚР ІІМ Актөбе заң институтіне оқуға түсіп, үздік курсанттар ретінде "Жылдың үздік курсанты" атағын иеленді. 2008 жылдың тамызында оқуын тәмамдап, Батыс Қазақстан облысындағы Орал стансасындағы желілік полиция бөліміне қызметке жолдама алды. Қазір полиция майоры Владимир Федунов – Орал стансасындағы ЖПб әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы, ал полиция майоры Никита Федунов – штаб бөлімшесінің инспекторы.
Олар қызметін адал атқарып, өз мамандығын мақтаныш етеді. Қызметтен тыс уақытта да өзін-өзі дамытуға көңіл бөледі: Владимир – техника мен цифрлық технологияларға қызығушылық танытса, Никита – сурет салып, шығармашылықпен айналысады. Оның туындылары қызметтік бөлмелер мен үйдің қабырғаларын көркемдеп тұр.
Династия – бұл жай ғана бір мамандықты мұраға қалдыру емес. Бұл – кәсіпке деген терең құрмет, алдыңғы буынның жолын лайықты жалғастыруға деген ұмтылыс. Алексей Валерьевич ұлдарына біліммен қатар, адалдықты, халыққа қызмет ету, азаматтарға құрмет көрсету және тәртіпті болу секілді құндылықтарды да дарытты. Анасы Галина Гансовна да – бұл әулеттің маңызды тірегі. Ол қызметкер болмаса да, балаларына әрдайым рухани қолдау көрсетіп келеді. Бауырлардың жарлары да – отбасылық өмір мен қызметті үйлестіруде сенімді серіктес. Олар жауапты қызметтің салмағын түсініп, отбасына тірек болып отыр. Түптеп келгенде, отбасындағы жылулық – олардың күш-қуаты мен шабыт көзі.
Федуновтар үшін 23 маусым – Қазақстан полициясы күні – ерекше мереке. Бұл – оларды тек отбасы ретінде емес, әріптес, қызметтес ретінде де біріктіретін күн. Бұл – міндет, абырой, Отанға адал қызмет деген ұғымдардың өмірлік жол екенін тағы бір дәлелдейтін күн.