Гараж бөлісе алмаған жезқазғандық көршісіне оқ атты
Гараж бөлісе алмаған жезқазғандық көршісіне оқ атты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 мамыр күні Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне дене жарақаттарымен 53 жастағы қала тұрғынының жеткізілгендігі туралы хабарлама түсті.
Полиция қызметкерлері жүргізген алдын ала тергеу жұмыстары барысында жәбірленушінің 33 жастағы ер адаммен болған дау-жанжалдың салдарынан дене жарақатын алғаны белгілі болды. Даудың басы көп қабатты үйдің ауласында иесіз қалған гараждан шыққан. Екі көрші аталған гаражды бөліске салып, бір-біріне бергісі келмеген. Осы үшін болған дау кезінде, қызба қанды жігіттердің бірі үйінен қару алып шығып, жәбірленушіге атып жіберген.
Полиция қызмектерлері күдіктіні ұстап, ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіден тіркелмеген қару тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабына (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда.