Гараждан құрылыс заттарын ұрлап кеткен елордалық қолға түсті
Гараждан құрылыс заттарын ұрлап кеткен елордалық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу Оқжетпес көшесінде орналасқан үйдің жанындағы гараждан үй иегесінің жеке мүліктерін қолды қылған.
Жәбірленушінің айтуынша, дәнекерлеу аппараты, болгарка, перфоратор сияқты құрылыс заттарымен қоса, титанды дискісімен машинаның 4 дөңгелегін қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 32-жастағы бұрын сотталған елорда тұрғынын анықтады.
Қазірде аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.