Гарнизондық жиын өткізілді
Қызылорда облысының Полиция департаментінде гарнизондық жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігін тексеру мақсатында полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық жиын өткізілді.
Департамент бастығының бірінші орынбасары қызметкерлерде болуы тиіс қару-жарақтың бар-жоғын, олардың денсаулық жағдайларын, нысанды киім кию тәртібін, сыртқы келбетінің жинақылығын және автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді.