Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Гелендваген» тізгіндеген жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Куәгер түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, жол ережесін сақтамау дерегіне байланысты Қарасай ауданының жол сақшылары дереу тиісті шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарияланған бейнематериалда «Гелендваген» маркалы автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, келесі көліктен озады. Жол ережесін өрескел бұзу дерегін полиция қызметкерлері әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында анықтады.

– Бейнематериал зерделенді. «Mersedes Benz AMG» маркалы автокөлігінің иесі бірден анықталды. Ол Т. есімді Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. 46 жастағы жол талғамайтын көлік иесінің іс-әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі баптарының нормаларына сәйкес сараланды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни жол белгілерінің талаптарын орындамау және 606-бабының 1-бөлігі бойынша авариялық жағдай жасау деректері үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші өзінің ағат қылық жасағанын бірден мойындады және Әкімшілік хаттамаларға тиісті белгісін қойды, – деді Қарасай аудандық Полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Айта кетейік, бұл жол оқиғасы 11 тамыз күні Алматы-Жандосов тас жолында орын алған болатын.

Алматы облысының полициясы кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысқаны және бұл туралы уақтылы ақпарат бергені үшін азаматтық және өмірлік ұстанымы бар белсенді тұлғаларға ерекше алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру