Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Грузия мен Қырғызстанның алысқа жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері СҚО полицейлеріне алғыс айтты

Грузия мен Қырғызстан елдерінің алысқа жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілері солтүістікқазақстандық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Грузия елінің азаматы Нұр-Сұлтан қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы арқылы кетіп бара жатқан. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда көлік тізгініне ие бола алмаған жүргізуші жол үстінен шығып кетіпті. Оқиға орнына келіп жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ерлан Данкин мен Саят Тілеген тез арада қажетті көмекті ұйымдастырды. Төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге бірлесе жұмыс атқарудың нәтижесінде ауыр жүк көлігі сүйреп шығарылды. Айдаладағы түндегі жұмысты бұрқасын мен қатты жел қиындатты. Жүк көлігінің жүргізушісі Тамаз Размадза оны қиын жағдайда қалдырмай, көмек қолын созған формадағы адамдарға шын жүректен алғысын білдірді.

18 ақпан күні сағат 23 шамасында 28 жастағы Қырғызстан азаматы Челябі-Новосібір тас жолының Мамлют ауданындағы Белое ауылы маңындағы учаскеде дәл осындай жағдайға тап болған. Бішкектен алма әкеле жатқан жүргізушіге патрульдік полиция қызметкерлері Талғат Тілеужанов пен Әділ Қазиев көмектесті. Сол маңнан өтіп бара жатқан Subaru көлігінің иесі де тоқтап, қол ұшын созды.

– Жолға шығарда қырғызстан азаматына жылы аяқ киім бердік, өйткені жолдағы ұзақтықты болжау мүмкін емес, – деп бөлісті патрульдік полицейлер.

Полицейлер ұзақ сапарға шықпастан бұрын кез келген жағдайға дайын болу керектігін еске салады. Өзіңізбен бірге барлық қажетті құралдардың болуы маңызды – құрал-саймандар, жылы киімдер, телефон қуаттағыш құрылғы мен қажетті азық-түлік болуы қажет. Қыстың соңғы айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында полиция қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан, көктайғақтан және басқа да күтпеген жағдайларға тап болған 10-ға жуық жүргізушіге көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру