Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Гүлмира Жаңабекова: «Полиция қызметкеріне лайықты болу керек»

Павлодар облысы ПД жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы Гүлмира Жаңабекова және ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев Екібастұз қаласы полиция басқармасының басшылығымен және жеке құрамымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеушілер, жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлар – халықпен күнделікті жұмыс жасайтын қызметкерлер.

– Қатаң тәртіп, парасаттылық, адамгершілік, адалдық жұмыстың сервистік моделі шеңберінде – бұл полиция қызметкерлері тарапынан сақтауды талап ететін түйінді сәттер. Қазіргі заманғы полицейлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін, сондықтан олардан өздерінің қызметтік міндеттерін адал орындау және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік талап етіледі, – деді Гүлмира Жаңабекова.

Полиция қызметкерлерін Integrity check парасаттылыққа тексеру механизмін түсіндіруге және оң нәтиже беруге ерекше назар аударылды. Жоба еліміздің өңірлерінде Президент бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде қолданылады. Полиция қатарында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға Павлодар облысы ПД жеке қауіпсіздік басқармасы ерекше назар аударады.

– Бірлескен күш-жігермен ғана біз халықты сенімді қорғауды қамтамасыз ете алатын полиция құра аламыз, – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру