Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хабар-ошарсыз жоғалған 15 жастағы көкшетаулық елордадан табылды

Хабар-ошарсыз жоғалған 15 жастағы көкшетаулық елордадан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуірде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан 20 сәуір сағат 23.00-де үйден кетіп, полицияға жүгінген сәтке дейін оралмаған 15 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініші келіп түсті. Азаматша өз бетінше іздеулер жүргізгенімен нәтиже шықпаған.

Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер дереу жоғалған жасөспірімді іздеуге кірісті. Оның мүмкін болатын барлық орындар, көшелер мен аулалар тексерілді, жасөспірімнің туыстары мен достары сұралды. Отбасындағы жанжалдан кейін бала бағыттас көліктермен Бурабай ауданына кеткені анықталды.

Щучинск қаласында жасөспірім кезектердің бірінде қызбен танысқан. Кездейсоқ таныс жанашырлық танытып, жасөспірімді үйге шақырып, жаңбыр астында қалып су болған балаға құрғақ киім берген. Жасөспірім қыздан өзінің әпкелерімен телефон арқылы байланысуды сұраған.

– Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала Нұр-Сұлтан қаласында туыстарының үйінде және жақын арада облыс орталығына жеткізіледі, – деп хабарлады Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімі.

– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкелік тәрбиені көрмеген балалар жиі қауіпті жағдайларға тап болып жатады, – дейді полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Кодексіне сәйкес, бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауапты екенін еске салады.

Ал неке бұзылған жағдайда, өз баласынан бөлек тұратын әке немесе ана оны тәрбиелеудегі жауапкершіліктен босатылмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру