Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халық қаһарманының ұлы полицейлерге алғыс білдірді

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ұлы полицейлерге ықылас білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2011 жылы қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитанының ұлы Арманжан Әбдібеков тәртіп сақшыларына арнап бейнеүндеу жолдады. Өзінің бейнеүндеуінде қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде өз денсаулықтарына күн сайын қауіп төндіретін қазіргі таңдағы ерекше кезеңде және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуде қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

– Құрметті полиция қызметкерлері, біз, қызмет барысында қаза тапқан полиция капитаны Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасы, күрделі уақытта еліміз үшін өз кәсіби борышын абыроймен атқарып жүргендерге алғыс пен ризашылық білдіргіміз келеді. Сіздер қылмысқа қарсы күресте тәуекелге бел байлап, әрқашан алдыңғы қатарда жүресіздер. Бүгінде, көрінбейтін жау, коронавирустық инфекция қаупі халық алдында тұрған кезде, сіздер тағы да алдыңғы шепте тұрсыздар, – деді Арманжан Әбдібеков.


Арманжан Әбдібеков батыр әкесі оқыған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің студенті. Ол өз отбасының атынан міндеттерін атқарып жүрген полицейлерге шыдамдылық, қиын кезеңнің тез арада аяқталуын және отбастарына аман-есен оралуын тіледі.

– Ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай: “Тәртіпке бас иген – құл болмайды», олай болса, бәріміз барлық сақтық шараларын және карантин ережелерін шыдамдылықпен сақтайық. Тек осылай ғана біз қауіпті инфекцияның таралуының алдын ала аламыз – деп, Халық Қаһарманының ұлы азаматтарды өз міндетін атқарып жүрген полицейлердің еңбегін түсініп, құрметпен қарауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа 2011 жылы қаза болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ол 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті қылмыскер, террористі денесімен жауып, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру