Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халық тыныштығын күзеткен жамбылдық учаскелік полицейдің бір күні

Халық тыныштығын күзеткен Жамбыл облысының учаскелік полиция инспекторы бір күндік жұмысы жайлы баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторы – құқық бұзушылықтың алдын алудағы басты адам. Ол  құқықтық тәртіпті, көші-қон мәселесін, аумақты, қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асырады, сотты болған тұлғаларды бақылауға алады.  

Өзінің функционалдық міндеттеріне байланысты учаскелік полиция қызметкері халықпен тікелей  байланыста болады. Бұл “жұртқа жақын полицей” қағидатының мақсатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Полиция капитаны Нұрсұлтан Әжібеков Тараз қаласындағы Жайлау мөлтек ауданының учаскелік инспекторы болып қызмет етеді.  Учаскелік полиция қызметкері – бірнеше  міндеттерді орындайтын әмбебап полицей:  азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, белгілі бір адамдарға профилактикалық есеп жүргізеді, жалға алынған тұрғын жайды бақылайды, пәтерлерді аралайды, өз құзыреті шегінде құқықтық және басқа да көмек көрсетеді. 

Оның жұмыс күні таңертеңгі саптық жиыннан басталады, жиында Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығы қажетті ақпараттар, қылмыстардың қысқаша мазмұны, бағдарлау, осы күні орындалатын негізгі міндеттерге қатысты тапсырмалар береді.  Содан кейін барлық учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген учаскелеріне келеді.

– Мен Жайлау мөлтек ауданында учаскелік инспектор болып жұмыс істеймін. Тұрғындар маған күнделікті мәселелермен жүгінеді: олар аулада қатты айқайлап,  шу шығаратын немесе ауланы ластайтын жасөспірімдер ме, әлде аулада отырған бейтаныс күдікті адам болсын, осының өзі алдын алу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Біз үшін ең маңыздысы – халықпен байланыс орнату, әкімшілік учаске тұрғындарының  жеке пікірін тыңдау, көзқарастарымен санасу, – деді Нұрсұлтан Әжібеков. 

Әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан, ол өз жұмысын жақсы көреді және жұмысын ауыстыруды ойламайды. Нұрсұлтан осы учаскеге 2023 жылдың қыркүйегінде ауысты, оған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету бойынша ҚР ІІМ-нің полиция полкінде қызмет атқарған. Қазақстандағы Ауғанстан, Ресей, Түркия, Украина, Израиль, Әзірбайжан елшіліктерінің қауіпсіздігіне жауапты болған. 

– Бұл күндері барлық учаскелік инспекторлар шұғыл әрекет етіп, халықпен  күндіз-түні байланыста жұмыс жасайды. Біздің әрқайсымыз пәтер иелері кооперативі және аумақ  тұрғындарымен чаттар мен мессенджерлер арқылы хабардамыз. Барлық сұрақтар бірден бізге келеді. Біздің жұмысымыз арқылы полиция департаментінің қызметін бағалайтынын түсінеміз,  сондықтан халықтың мәселелерін жедел шешуге тырысамыз, бұл үлкен жауапкершілік, – деп атап өтті Н. Әжібеков.

Нұрсұлтан Әжібеков Тараз қаласының барлық тұрғындарын учаскелік полиция инспекторларымен белсенді түрде бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Себебі, тек тұрғындармен бірге полиция қызметкерлері бекітілген аумақты ретке келтіре алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру