Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Халық заңгері" акциясы: павлодарлықтар полициядан тегін құқықтық кеңес алды

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр "Халық заңгері" республикалық акциясы аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Достық үйінде ұйымдастырылды.

Акция барысында павлодарлықтар полиция өкілдерінен тегін заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болды. Келушілердің ыңғайлылығы үшін алдын ала тіркеу жүргізіліп, бұл қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеді. Білікті мамандар тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға күнделікті туындайтын құқықтық мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

– Азаматтардың басым бөлігі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар, интернет-алаяқтық, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу, сондай-ақ көші-қон заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жүгінді. Сонымен қатар отбасылық қатынастарға байланысты өтінішпен келген азаматтар да болды. Кейбір мәселелер сол жерде шешілсе, енді бірқатары Департамент бастығының жеке бақылауына алынды. Бұл бағытта кешенді жұмыстар жалғасады. Акция барысында азаматтарға құқықтық кеңес беріліп, киберполиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертіп, сақ болуға шақырды. Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру