Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Халық заңгері": полиция басшылығы тұрғындарды қабылдады

"Халық заңгері": полиция басшылығы тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін қазақстандықтар мемлекеттік органдар мен белгілі заңгерлерден тегін кеңес алды. Бұл жалпыұлттық акцияға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Бейсенбаев бастаған басшы құрам да өз үлестерін қосып, тұрғындардың мәселелерін қарап, құқықтық кеңес беруге бекітілді.

Полиция басшылығы Түркістан қаласындағы халық көп шоғырланатын  5 орында азаматтарды қабылдады.

Мұнда тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды.

Яғни күні бойы полицейлер азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар алдын ала жазылмайды, кезек күтпейді.

Ал халыққа жақын болуды басты мақсат санаған тәртіп сақшыларына жұртшылық сенім білдіріп, қызметтеріне алғыс айтты.

Іс-шараның басты мақсаты-халыққа жақын болу және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету. "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету шеңберінде халықтың құқықтық сауат деңгейін арттыруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға және халықпен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған осындай іс-шаралар Түркістан облысының барлық аудандарында өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру