Халықаралық әуе рейсінің жолаушысы діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз әкелгені үшін жазаланды
Халықаралық әуе рейсінің 22 жастағы жолаушысына діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасын заңсыз әкелгені үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әбу-Даби – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Атырау қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтады.
Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтан діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасы табылып, тәркіленді. Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген діни әдебиеттерді әкелуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.