Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Атыраудан табылды
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Атыраудан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда «Іздестіру» операциясы басталды. Екі күнде құқық қорғаушылар екі хабар-ошарсыз кеткен адамды және үш қылмыскерді қолға түсірді. Сот үкімімен қылмыскер деп танылған үшеуі де халықаралық іздеуде жүрген тұлғалар.
Олардың біреуі – 33 жастағы Өзбекстан азаматы. Оған қатысты 2019 жылы Ресей ІІМ Волгоград облысында РФ ҚК-нің 160-бабы 4-бөлігімен (Біреудің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау) іс қозғалған.
Атырау облысы Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы шетелдікті іздестіру операция кезінде тапты. Қазір уақытша ұстау изоляторда қамауда.