Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықаралық қарттар күніне орай полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

Халықаралық қарттар күніне орай полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ішкі істер органдарының ардагері Василий Полищукқа арнайы барып, құрмет білдірді.

Өткен жылы 90 жасқа толған Василий Федосеевич – тағдыры ерекше, өмір жолы өнеге боларлық жан. Ол 1934 жылы Ерейментау ауданының Ржищево ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарының қиындығын көріп өскен жасөспірім мектепті аяқтаған соң Отан алдындағы борышын өтеуді абырой санап, әскер қатарына аттанған.

Әскери борышын өтегеннен кейін ҚазМУ-дың заң факультетіне түсіп, оны тәмамдаған соң Ақмола облысының тергеу органдарында 29 жылдан астам уақыт адал қызмет атқарды. Василий Федосеевичтің қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес.

Зейнетке шыққаннан кейін де ол қоғам өміріне белсене араласып, жастарға қамқорлық жасап, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп келеді. Бүгінде Василий Полищук – елге сыйлы азамат, отбасының тірегі, кейінгі ұрпаққа үлгі.

– Ардагерлер – біздің мақтанышымыз әрі тірегіміз. Олардың тәжірибесі, жанқиярлығы мен адалдығы арқылы қызметіміздің берік дәстүрлері қалыптасты. Василий Федосеевичке абыройлы еңбегі мен өмірлік өнегесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру