Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Халықтың құқықтық мәдениеті артып, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері азайып келеді

Елімізде ЗАҢ мен ТӘРТІПТІ нығайтуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың салдары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, бұл азаматтарға өзгенің қателігінен сабақ алуға мүмкіндік беріп отыр.

Нәтижесінде қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейі артып, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасуда.

Қоғамдық көмекшілер, студенттік жасақтар, консьерждер және өзге де қоғам өкілдері құқық қорғау органдарына қолдау көрсетіп келеді.

Құқық бұзушылықтарға бейжай қарамай, олар туралы дер кезінде хабарлайтын азаматтардың саны көбейген.

Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу көрсеткіші 15 пайызға артты.

Бұл өз кезегінде жазадан бұлтартпастық қағидатының нығайғанын айғақтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру