Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“HI-Tech” операциясы: полицейлер жоқ машинаны “сатқан” алматылықты әшкереледі

Полицейлер жоқ машинаны “сатқан” алматылықты әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, “HI-Tech” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аталған бөлімше қызметкерлері Әуезов аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге алаяқтық іс-әрекет жасағаны үшін 2001 жылы туған Д.есімді азаматты ұстады.

– Сотталушы қылмыстық ниетімен ғаламтор ресурстарының біріне ғаламтордан әдемі фотосуреттерді жинап, нарықтық бағадан сәл төмен бағаны көрсетіп, “Мерседес” автокөлігін сату туралы жарнама орналастырғаны анықталды. Павлодар қаласының тұрғыны қызығушылық танытты. “Сатушы” әлеуетті сатып алушыға бұл көлікті сатып алуға ниет білдірушілердің көп екенін бірден айтты, содан кейін жарнаманы сатылымнан алып тастау үшін алдын ала салым төлеуді ұсынды. Салым сомасы 100 мың теңгені құрайды. Ақшаны картаға аудару арқылы алған алаяқ абоненттік нөмірді дереу өшіріп тастады. Күдікті қамауға алынды. Бұл кезеңде оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру