Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ХҚКО мен eGov автокөліктерді тіркеу 3 сағатқа тоқтайды

26 мамырда құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден
12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және "Электронды үкімет" порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.


Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру