Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Хромтауда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде сағат 03.10-да патрульдік полиция тобының қызметкерлері Хромтау қаласындағы қонақ үйдің жанында 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік аудандық полиция бөлімінің аумағына жеткізілді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері облыста полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқарған, бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 28 жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру