Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады
Хромтауда кәмелетке толмаған бала самокатпен жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz
22 маусымда Хромтау қаласындағы Абай даңғылында көп қабатты үйдің ауласында 53 жастағы Ssang Yong автокөлігінің жүргізушісі самокатпен келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, 53 жастағы жүргізуші масаң күйде болмаған.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.