Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда кеншілер жұмыс орнынан құны 1 миллион теңгелік мыс кабель ұрламақ болды

Хромтауда кеншілер жұмыс орнынан құны 1 миллион теңгелік мыс кабель ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қарашада түнгі мезгілде Хромтау ауданының 4 тұрғыны осы аудан аумағында орналасқан кен-байыту комбинаты филиалының аумағында орналасқан мекемеден ұзындығы 10 метрді құрайтын мыс кабельді жасырын ұрламақ болған. Олардың екеуі осы мекеменің кеншілері екені анықталды.

Екі кенші өздерінің екі таныс жүргізушісімен алдын ала келісіп, жұмыс орнынан еркін қол жеткізу жолымен мыс кабельді ПАЗ қызметтік автобусқа тиеп алып шығуға тырысқан. Алайда жұмысшылардың заңсыз әрекетін уақтылы байқаған күзет мекемесінің қызметкерлері оларды ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Ұрлыққа оқталу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілерден құны 1 миллион теңгені құрайтын мыс кабель тәркіленді. Олар кінәсін мойындады. Күдіктілердің мекеме аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру