Хромтауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды
Хромтауда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуір күні түнгі уақытта Хромтау қаласында полиция қызметкерлері күдік тудырған Ваз 2114 автокөлігін тоқтатты.
Тексеріс кезінде 25 жастағы жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылғаны, соған қарамастан көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.