Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда көлікті айдап әкетіп, бағанаға соққан ер адам ұсталды

Хромтауда көлікті айдап әкетіп, бағанаға соққан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада Хромтау аудандық полиция бөліміне 57 жастағы ер адам Niva Chevrolet автокөлігін танысы мас күйінде айдап кеткенін хабарлады.

Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында Ю. Гагарин көшесінен ұрланған автокөлікті тапты. Күдікті рульдік басқаруды игере алмай, бағанаға барып соққан.

Автокөлік авариялық жағдайда иесіне қайтарылды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 35 жастағы танысы ұсталды.

ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру