ІІМ 1 млрд теңгенің ұрлығын әшкереледі
ІІМ 1 млрд теңгенің ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері “Qarmet" компаниясының және басқа да ұйымдардың бұрынғы қызметкерлерін ұстады.
Олар бір миллиард теңгеге жуық ақша ұрлаған.
Қылмыстық схема бойынша аталған топ алдын ала келісіп, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанында қайта өндеусіз қалдырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 14 адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.