Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: 2024-2025 жылдардың қысқы айларында полиция 3 миллионнан астам көлік құралын сүйемелдеді

2024 жылдың қысқы кезеңінде қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қозғалысқа 1284 шектеу енгізілді, ал ағымдағы жылы 56 шектеу тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мен басқа да төтенше қызметтердің ескертулеріне қарамастан, жүргізушілер жабық учаскелерге шығып, жолдардың ашылуын күтіп тұрған бекеттерде кептелістердің пайда болуына әкеледі.

Жолдар ашылғаннан кейін көптеген жүргізушілер уақытты үнемдеу үшін асығып, жол қозғалысы ережелерін бұзады, жылдамдықты арттырады, бұл жол-көлік оқиғаларының болу ықтималдығын көбейтеді.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жолдар ашылғаннан кейін және нашар көріну жағдайында көлік колонналарын сүйемелдейді. Тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетеді.

2024-2025 жылдары полиция 3 миллионнан астам көлік құралын сүйемелдеді:

• 3 қаңтарда – 3710 көлік;
• 4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолында 4,5 мыңнан астам көлік.

Өкінішке қарай, жолда жүргізушілердің полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеуі жиі кездеседі. 2024 жылы осындай бұзушылықтар үшін 4111 адам жауапкершілікке тартылды. Биыл мұндай 42 жағдай тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, заңдарды сақтау және рөлдегі мұқиятылық – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Министрлік азаматтарды ауа райы жағдайын қадағалауға, қолайсыз уақытта ұзақ сапарға шықпауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру