ІІМ әйнектерді қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді
ІІМ әйнектерді қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек. «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде алдыңғы көру аумағына қойылатын талаптар белгіленген.
Мен барлық жүргізушілерге қатысы бар негізгі жәйттерді ғана айтайын:
Бірінші. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша жабындардың болуына жол берілмейді. Оларға барлық пленкалар, перделер, жапсырмалар жатады. Бұл талап тек алдыңғы әйнекке және алдыңғы бүйір әйнектерге қатысты.
Екінші. Әйнектерді қараңғылауға және бояуға тек оларды дайындаған кезде ғана рұқсат етіледі. Себебі шыны жасайтын кәсіпорын оның жарық өткізгіштігін тексереді, ол кем дегенде 70% болуы керек және олар әйнекке сертификат береді.
Осылайша алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектерді қараңғылау тек өндірісте дайындалады. Автокөлік жиналғаннан кейін пленкалар жабыстыруға болмайды.
Бұл қағидалар жол қауіпсіздігін және жүргізушілер үшін көру аумағын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.