Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясы оқушыларға арналған бояу комикстер сериясын дайындады

ІІМ Алматы академиясы оқушыларға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін үйретуге бағытталған түрлі-түсті комикстердің жаңа сериясын шығарды. ІІМ Алматы академиясының «Полиция және балалар» білім беру жобасы оң нәтиже көрсетіп, мұғалімдерден, ата-аналардан және оқушылардан көптеген алғыс пікір алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы академия бірінші сынып оқушыларына бояу журналдарын әзірлеп, таратты. Биыл ведомстволық жоғары оқу орны жобаны кеңейтіп, 5-сынып оқушыларына арналған арнайы комикстердің алғашқы шығарылымын дайындады. Бұл білім беру материалдары балаларға алғашқы оқу күнінде таратылып, кейінгі уақытта сабақтарда және сыныптан тыс жұмыстарда одан әрі пайдалану үшін оқу орындарына беріледі. Бұл бастаманың негізгі мақсаты балаларға жолда, қоғамдық орындарда және үйде қауіпсіздік туралы базалық білімді қалыптастыру болып табылады.

– Біз әзірлеп дайындаған бояулар мен комикстер жайында мұғалімдер мен ата-аналардан көптеген жағымды пікір аламыз. Балалардың ақпаратты осындай ойын және қызықты түрде оңай қабылдайтыны белгілі. Мамандарымыз материалды оқушылар үшін қызықты әрі түсінікті ету үшін барынша күш жұмсады. Олар балаларымызға қауіпсіздік ережелерін жақсы түсінуге көмектесетініне және оларды қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрететініне сенімдіміз, – деп атап өтті ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының уақытша міндетін атқарушы Жанат Дильбарханова.

Өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып, биылғы оқу жылында ІІМ академиясы мектептерге бояу комикстерін ұсынуға дайын. Комикстердің жаңа шығарылымында оқушылар:

  • қандай қауіпті жағдайлар бар және оларды қалай тануға болады;
  • Күнделікті өмірдегі негізгі сақтық шаралары;
  • Кімге және қашан көмек сұрау керек екені жайында білетін болады.

– Біздің мақсатымыз – тек ақпараттандыру ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың жеке қауіпсіздігіне деген саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру. Мұндай жобалар олардың қауіпсіз болашағы үшін берік іргетасын қалайтын болады, – деп түйіндеді Жанат Дильбарханова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру