Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында Шырақбек Қабылбаев атындағы аудитория ашылды

ІІМ Алматы академиясында Шырақбек Қабылбаев атындағы аудитория ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 32 жылдығын мерекелеу аясында ІІМ Алматы академиясында еліміздің көрнекті тұлғасы, ІІМ-нің бірінші министрі, милиция генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың құрметіне арналған жаңа аудиторияның салтанатты ашылуы өтті. Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ генерал Қабылбаевтың отбасы, жақындары, туыстары қатысты.

Шырақбек Қабылбаев Қазақстан полициясының дамуына зор үлес қосты.

– Осылайша біз еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті дамытуға үлес салатын көрнекті тұлғалардың мұрасын жеткізе аламыз, – деп атап өтті ІІМ Алматы академиясында.

Сондай-ақ мемлекет қайраткерінің туыстары мен жақындарының қатысуымен қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою, жеке құрамның салтанатты таратылуы, сондай-ақ мерекелік концерт өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру