Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясының курсанттары министрлік департаменттерінің басшыларымен кездесті

ҚР ІІМ Алматы академиясында курсанттар мен Ішкі істер министрлігі орталық аппарат департаменттерінің бастықтарымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылының басында ІІМ Алматы академиясы Ішкі істер министрлігінің дербес құрылымдық бөліністері басшыларымен бірінші және екінші курс курсанттары үшін онлайн-кездесу ұйымдастырды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесі, криминалдық полиция, әкімшілік полиция, экстремизмге қарсы күрес, IT-криминалистика және киберқауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша оқитын жас мамандар ІІМ орталық аппараты комитеттері мен департаменттерінің бастықтарымен танысып, әңгімелесе алды.

Бұл жаңашылдық ІІМ барлық ведомстволық оқу орындарының тәжірибесінде алғаш рет өткізілді. Іс-шараның бастамашысы – ІІМ Алматы академиясы.

– Біз курсанттардың ІІМ басшылық құрамының өкілдерімен тікелей қарым-қатынасы үшін жағдай жасау қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Мұндай кездесулер болашақ полиция қызметкерлеріне ІІМ әртүрлі департаменттерінің құрылымы мен функционалдығын жақсы түсінуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының жұмысы саласындағы ағымдағы міндеттер мен стратегиялармен танысуға мүмкіндік береді. Мәселен, департамент бастықтарымен әңгімелесу курсанттар үшін баға жетпес тәжірибе екенін сөзсіз, өйткені олар басшылардың жас мамандарға қандай талаптар қоятынын және кәсіби қызметте қандай дағдылар мен білім ерекше құнды екенін жақсы түсіне алады, – деп атап өтті ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының уақытша міндетін атқарушы Жанат Дильбарханова.

Бүгінгі таңда курсанттар пайдалы тәжірибе алып, алған білімдерін өз қызметтерінде қолданатыны анық. Бұл сайып келгенде еліміздегі құқық қорғау қызметінің сапасын арттыруға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру