ІІМ Алматы академиясының қолдауымен жастар лагері ашылды
ІІМ Алматы академиясының қолдауымен 16-19 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған қала сыртындағы кешендердің бірінде жастар лагері ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Жастар және полиция – біз біргеміз» ұранымен ІІМ Алматы академиясы мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы Алматы қаласы Полиция департаментінің қолдауымен 16-19 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған қала сыртындағы кешендердің бірінде жастар лагерін ашты. Осыған байланысты көшпелі лагерьдің салтанатты ашылуы өтті, оған Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының өкілдері де қатысты.
«Қауіпсіз болашақ» жастар лагері жас буын арасында есірткі қылмысы, экстремизм, кибер алаяқтық және т.б. сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде тәжірибелі сақшылармен, соның ішінде өз қызметтік борышын орындау кезінде ерлік жасаған полиция қызметкерлерімен кездесулер жоспарланды. Бұл кездесулер жастардың құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылда полицияның одақтасы ретінде қалыптасуына және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қатысушылар үшін құқықтық тәртіп және цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді арттыру бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтер қарастырылған. Сонымен қатар лагерь өмірге оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін пайдалы және қызықты демалыс ұсынады. Ал актерлік шеберлік бойынша шығармашылық сабақтар қатысушылардың жеке басының дамуына және шығармашылық әлеуетіне ықпал етеді.
Осы іс-шаралардың барлығының басты мақсаты – ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізу үшін жастар мен полиция арасында ашық және сенімді атмосфера, қауіпсіз және гүлденген қоғам құру.