ІІМ Алматы академиясының қызметкерлері бірінші сынып оқушыларын қуантты
Білім күнінде ІІМ Алматы академиясының өкілдері қала мектептеріне барып, бірінші сынып оқушыларына «Полиция және балалар: қауіпсіздіктің негізгі ережелері» атты қауіпсіздік бойынша бояу кітапшаларын сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл іс-шара Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша жыл сайын өткізіледі. Акция жақсы дәстүрге айналды және қаланың барлық мектебінде өткізіледі. Академия қызметкерлері салтанатты жиындарға қатысып, балаларға түрлі-түсті тақырыптық бояу материалдарын табыс етті және жол қозғалысы ережелері, жеке қауіпсіздік және төтенше жағдайлардағы әрекеттер және тағы да басқа маңызды қауіпсіздік шаралары жайында сөйлесіп қайтты.
Іс-шара аясында ІІМ Алматы академиясы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанат Дильбарханова бірнеше мектепке барып, балаларға оқу жылының сәтті басталуымен құттықтады және бояу кітапшаларын арнайы тапсырды.
Айта кету керек, ІІМ Алматы академиясы кіші сыныптарға арналған бояуларды ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелерінде таратылатын орта және аға буынға арналған комикстерді әзірлеу және шығару бойынша үлкен жұмыстар атқарып келеді.