Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Алматыда алаяқтардың call-орталығы жойылды

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдарды анықтап, жолын кесу  бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан.

24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар.

Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

- Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп,  оларды алдап-арбаумен айналысу кірген.

Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған.

Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру