ІІМ ардагері Шарбақты ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды
Павлодар облысында ІІМ ардагері Шарбақты ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарбақты ауданы полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Борис Әлімбаев Шарбақты ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған жиында полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиев Борис Борашевичті марапатымен құттықтады.
– Сізді марапатыңызбен құттықтаймын. Сіз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қостыңыз. Ардагерлер әрқашан құқық қорғаушылар арасында беделге ие. Сіздің кәсіби және өмірлік бай тәжірибеңіз жеке құраммен жұмыста ғана емес, сондай-ақ қылмыстарды ашу және тергеу кезіндегі практикалық қызметте, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде де талап етіледі. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін, сіздердің көпшілігіңіз қатардан шықпай, өз күштеріңіз бен мүмкіндіктеріңізге қарай, өздеріңіздің туған ұжымдарыңызбен іскерлік байланыстарды жалғастырудасыздар. Біз өз кезегімізде әрқашан Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңізді құрметпен қабылдаймыз және табыстарыңызға өзіміздің жетістіктеріміз сияқты қуанамыз, – деді Елдос Нұрғалиев өз сөзінде.
Айта кету керек, Әлімбаевтар отбасы – полицейлер әулеті, олардың балаларына дейін азаматтардың тыныштығын сақтау бойынша қызмет етеді.
Борис Борашұлы отставкадағы подполковник, оның әкесі Бораш Әлімбаев отставкадағы милиция лейтенанты, ал ұлы Борис Борисович полиция подполковнигі болып табылады және қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде жұмыс істейді.
Әлімбаевтар әулетінің жалпы еңбек өтілі 64 жылды құрайды. Әлімбаевтар әулеті – дәстүрлерді сақтаудың, таңдаған мамандыққа құрметпен қараудың үлгісі.