Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Ауыл оқушыларына интерактивті дәрісте есірткінің зияны туралы айтылды

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша өңірлік кеңестер үшін оқу семинары өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара өңір өкілдерінің тікелей қатысуымен және zoom платформасы арқылы басқа қатысушылардың қосылу мүмкіндігімен гибридті форматта өтті. Спикерлер қатарында жетекші наркологтар мен профилактика саласындағы сарапшылар болды.

Семинар барысында қатысушылар есірткі тұтынудағы өзекті өзгерістерді талқылады. Есірткі тұтынудың синтетикалық стимуляторларға қарай ауысу үрдісіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара бағдарламасы тек дәрістер мен талқылауларды ғана емес, сонымен қатар өңірлік кеңестердің профилактикалық жұмыстағы әлеуетін нығайтуға бағытталған практикалық ұсыныстарды да қамтыды.

Сондай-ақ бағдарлама аясында Аршалы ауданының мектептерінің бірінің 10-11 сынып оқушыларына интерактивті дәріс өткізілді. Іс-шараға шамамен 70 оқушы, сондай-ақ сот, прокуратура, жастар саясаты басқармасы және Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Оқушыларға есірткінің зияны, саналы таңдау жасаудың маңызы туралы айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру