Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ балалар арасында азаматсыздықты болдырмау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп жатыр

Алматы қаласында БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы өңірлік бюросының, сондай-ақ БЖКБ-ның қазақстандық кеңсесінің ұйымдастыруымен Орталық Азияда азаматсыздықты жою мәселелері  бойынша дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған Орталық Азия елдері (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) үкіметтерінің, азаматтық қоғамның және БҰҰ басқа агенттіктерінің өкілдері, жоғарғы деңгейдегі лауазымды тұлғалар қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Аслан Аталықов пен БҰҰ-ның Азиялық Тынық мұхиты бойынша БЖКБ-ның өңірлік директоры Индрика Ратватте ашты.

Ұлттық және халықаралық сарапшылар  практикалық тәжірибемен  бөлісіп, азаматсыздық проблемасын тиімді шешу стратегиясын зерделеді. Сонымен қатар #IBelong жаһандық науқанының  және азаматсыздықты жою жөніндегі жаһандық іс-әрекет жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша ұлттық ұмтылыстар талқыланды.

Кездесу барысында Аслан Аталықов еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап 140 мыңнан астам азаматтығы жоқ адам азаматтық берілігенін атап өтіп, азаматсыздықты қысқарту бойынша Қазақстанның тәжіриебесімен бөлісті.

Ол еліміздің заңнамасы БҰҰ-ның азаматсыздықты қысқарту  жөніндегі конвенцияның ережелеріне елеулі түрде сәйкес келетіндігін, бұл ретте олардың тұру шарттары мен азаматтық беру қағидаларын жақсарту тұрғысынан ұдайы жетілдіріп отыратындығын айтты.

Мысалға, 2020 жылы азаматсыздықты айқындау рәсімі реттелді. Осының нәтижесінде мәртебесі реттелмеген адамдарға ресми мәртебе мен құқықтар беріле бастады. Бұл ретте, мұндай құқықтық негіз тек 23 мемлекетте ғана бар екендігін атап өту қажет.Аслан Аталықов атап өткендей, ІІМ балалар арасында азаматсыздықты болдырмау бойынша түзетулер қабылдау бойынша жұмыс атқарып жатыр. Осылайша, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға ата-анасының азаматтығы бола тұра, оны балаларына бере алмайтын жағдайларды болдырмайтын түзетулер әзірленді. Мұндай түзетулер ата-аналары белгісіз, жетім қалған немесе тастанды балалардың азаматсыздық қалмайтынына кепілдік береді.

Дөңгелек үстел алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтау бойынша консультативтік алаң болып, келешекте біздің өңірдегі азаматсыздықты қысқартуды қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру