Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Басқару академиясында адам саудасы құрбандарымен жұмыс істеу бойынша тренинг өтті

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ІІМ Басқару академиясының базасында өңірлік денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарада адам саудасы құрбандарына күш қолдану белгілерін бағалау критерийлері мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты таныстырылды.

Тренинг барысында адам саудасының құрбандарын анықтау, оларды идентификациялау, тиісті мекемелерге бағыттап, медициналық және өзге де әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдын алу шаралары мен заңды қорғау тетіктері қарастырылып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін практикалық тұрғыда пысықтау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері жасырын қылмыстардың деңгейін төмендетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта жаңа қарсы әрекет етуші субъектілерді тарту, сондай-ақ жәбірленушілерге уақтылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттілігі көрсетілді.

Тренинг Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы шілде айында әзірленіп, қабылданған “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң аясында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру