ІІМ басшысы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Митталмен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараптар пенитенциарлық жүйедегі бірлескен жобаларды, сондай-ақ есірткі бизнесі мен киберқылмысқа қарсы күресті талқылады.
Отырысқа қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін және олардың одан әрі даму перспективаларын қарастырды.
Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог форматында өтті.