Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Ержан Саденов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар барысында министр өңірдегі ішкі істер органдарының жеке құрамының қызметтік міндеттерді орындауға дайындығын тексеріп, олардың қызмет атқару жағдайымен және жедел қызметтің ұйымдастырылуымен танысты.

Сонымен қатар, министр облыс әкімі Серік Шәпкеновпен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар қоғамда "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, құқықбұзушылықтардың алдын алу мен азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударды.

 

Бұдан бөлек, облыстық ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қатысқан жедел кеңес өтті.

- Мемлекет басшысы қоғамда Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндет қойды. Осыған байланысты 2025 жыл Ішкі істер министрлігі жүйесінде "Профилактика жылы: полиция Заң мен Тәртіптің күзетінде" деп жарияланды. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығы – халыққа сапалы қызмет көрсетуді және қоғаммен тығыз өзара әрекет етуді көздейтін нақты ұйымдастырылған, үйлесімді жұмысты талап етеді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің отансүйгіштігі жоғары деңгейде болуы тиіс, ал тәртіп пен сыпайылық баршаңызға тән болуы керек, – деп атап өтті Ержан Саденов.

Министр облыстық департамент басшысының, қызметтер мен бөліністердің жетекшілерінің қылмыстың алдын алу, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы есептерін тыңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру