ІІМ басшысы: Полиция ашық жұмыс істеуде
Ішкі істер министрлігі халықпен тұрақты негізде ашық байланыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін олардың пікірлерін ескере отырып шешу полиция қызметкерлері жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Өткен жылдың өзінде аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері халықпен 12,7 мыңнан астам кездесу өткізді.
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды тұрақты негізде өзі қабылдайды. «Nur Otan» партиясы алаңындағы соңғы онлайн-кездесу кезінде министр 30 адамды қабылдады.
Барлық өтініштер бойынша Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтерінің басшыларына нақты түсініктемелер мен тапсырмалар берді.
– Адамдармен тікелей диалог жасау барысында дереу шешуді қажет ететін мәселелер белгілі болады. Полицияның басты міндеті – азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесу. Ішкі істер министрлігіне берілетін баға осы жұмысқа байланысты, – деп атап өтті еліміздің бас полицейі.
Азаматтар көбінесе қылмыстық істерді тергеудің толықтығына, оның сапасы мен мерзімдеріне қатысты сұрақтарымен, қандай да бір проблемалар бойынша шаралар қолданбау мәселелерімен, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін зерделеу туралы өтініштерімен, сондай-ақ ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстарымен және полиция қызметкерлеріне алғыс білдіру үшін жүгінеді.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ауылының жақын маңдағы полиция пунктінен қашықтығы мәселесін көтерді.
– Жақын жерде полицияның болуы біздің қауіпсіздігімізге сенімділік береді. Әсіресе, қыс мезгілінде ауылға жету өте қиын, – деді ол министрге.
ІІМ басшысы ШҚО Полиция департаментінің бастығына мәселені зерделеуді тапсырды.
– Осы ауылда полиция пунктін ашу туралы ойланыңыз. Шынында да, әр минут қымбат болатын жағдайлар болады. Ал адамдардың қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында, – деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев.
Азаматтарды алаңдататын тағы бір мәселе – алаяқтық мәселесі. Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты мұндай қылмыстардың саны өсуде.
Елорда тұрғыны үшін мұндай оқиға сәтті аяқталған. Күдікті анықталып, полиция қызметкерлері барлық қажетті дәлелдерді жинап, істі сотқа жіберген. Ішкі істер министрінің қабылдауына жазылған әйел ішкі істер органдары қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмысына алғысын білдіру үшін жазылған екен.
– Бүгінде полицейлерді жиі сынайды. Мен де олардың жұмыстарының нәтижелерін көрместен бұрын полиция жұмыс істемейді деп ойладым. Бірақ қателескен екенмін. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қарапайым жігіттер екеніне және өз істерінің шеберлері екеніне көзім жетті. Олар күндіз-түні жұмыс істейді, біздің тыныштығымызды қорғайды, қолдарынан келгеннің бәрін жасауға дайын. Сіздердің еңбектеріңізге өте ризамын, – деді министр Ерлан Тұрғымбаевқа.
Ал алматылық адвокат Жанна Оразбахова сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы орталықтар құруды ұсынды. Құқық қорғаушы ретінде ол министрдің әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылықты тергеуші әйелдер тергейтіні туралы бастамасын оң бағалады.Жаннаның айтуынша, бұл орталықтарда зардап шеккендерге көмек бір терезе қағидаты бойынша көрсетіледі, полиция жауап алып, дәрігерлер тексеру жүргізеді, ал психологтар қажетті көмек көрсетеді. Ерлан Тұрғымбаев идеяның қызықты екенін атап өтіп, жобамен жеке танысуға уәде берді.
– Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында министрлік халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарын енгізуде. Осындай ашық диалог аясында 360 мыңнан астам кеңес беріліп, 205 мың өтініш қаралды. Бұл сандар азаматтардың полицейлерден уақытында пайдалы ақпарат алу мүмкіндігін көрсетеді. Біз халықпен кері байланысты нығайтып, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайтын боламыз, – деп қорытындылады министр Ерлан Тұрғымбаев.
Азаматтарды қабылдауды ІІМ және өңірлердегі Полиция департаменттерінің басшылары апта сайын жүргізеді. Қабылдау кестесі сайттар мен әлеуметтік желілерде орналастырылады.