Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Президенттік резервте тұрған құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесті

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президенттік резервте тұрған құқық қорғау органдары қызметтерінің басшыларымен кездесті. Бұл Бас прокуратураның, ҰҚК, Қаржы мониторингі агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен өткізілді. Мақсаты – Президенттік резервтегі қызметкерлерді оқыту міндеттерін тиімді іске асыру.

Министр тыңдаушылар алдында сөйлеген сөзінде біліктілікті арттыру, әсіресе басшылық құрамның кез келген жүйенің тиімділігін арттырудың кепілі екенін атап өтті. Бұл Президенттік резервтегі басшылардың кәсіби өсуінің маңызды аспектісі.

Резервшілерге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес қоғамның нақты сұраныстарын ескеретін Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасы туралы ақпарат берілді.

ІІМ қызметтерінің басшылары мынадай саладағы цифрлық шешімдерді таныстырды:

  • бейнебақылау жүйелерінің жобалары («Кілемді жабын», «SOS батырмасы», «Цифрлық полицей», «Үздіксіз бейнебақылау», «Азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың көп арналығы»);
  • жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралы («Қорғау жүйесі»);
  • сотқа дейінгі тергеп-тексеруді оңтайландыру (тергеу және тергеу әрекеттерін электрондық форматта жүргізу).

Кездесу барысында қонақтар ІІМ жедел-криминалистикалық департаментіндегі  молекулярлық-генетикалық және цифрлық зертханаларға барды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президенттік резервте тұрған құқық қорғау органдары қызметтерінің басшылары ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа мазмұнды әңгіме үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру