ІІМ басшысы ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің директорымен кездесті
ІІМ-де Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Ұларбек Шаршеевпен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесуде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың басым мәселелері талқыланды.
Тараптар заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда күш біріктіруге ниет білдірді.