Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі

ІІМ "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда. Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстарында операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 кг мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі азамат ұсталды.

Абай облысында 27 жастағы ер адам құрықталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 кг болатын алты орам гашиш тастамақ болған.

Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған.

- Нәтижесінде бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 кг гашиш, 22 кг марихуана және 68 грамм кокаин.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру