Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де динамошы спортшылар марапатталды

Ішкі істер министрлігінде динамошы спортшылар марапатталды. Ведомство басшысының орынбасары Айдар Сайтбеков ел абыройымен қоса, министрлік мәртебесін көтеріп жүрген саңлақтарға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Сіздердің жеңістеріңіз – біздің Ішкі істер министрлігінің абыройы. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Биыл біздің "Динамо" спорт ұйымымыздың 100 жылдығы. Осы жылы көптеген нәтижелер көрсетіліп жатыр, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Қонақтар қатарында еркін күрестен Олимпиада ойындары мен Азия чемпионатының жүлдегері Эльмира Сыздықова, шорт-тректен Азия ойындарының командалық эстафетадағы чемпионы Абзал Ажғалиев, Харбиндегі Азия ойындарының биатлоннан күміс жүлдегері Вадим Куралес, ММА мен грэпплингтен бірнеше дүркін чемпион Азамат Бақытов болды. Олардың әрқайсысы ІІО бөліністерінде қызмет етеді және "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының мүшелері.

- Осы соңғы қысқы Азия ойындарынан алтын және күміс медалімен тарихи жетістікпен оралдық. Шорт-трек спорты - қысқы спорт, біздің еліміздегі ең жас спорт түрі. Өзіме ең жақын осы коньки спорты. Ең алғашқы жаттығуымнан бастап, мұзға аяғымды басып, коньки тепкеннен бастап, осы спорт өзіме қатты ұнап қалды. Біздің қазақстандықтар, әрбір бүлдіршін осы спортқа қызығып, онымен айналысса екен деген мақсатым бар. Шорт-трек спортын дамытуға барымды салып жатырмын, - деді Абзал Ажғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру