ІІМ-де көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары анықталды
Полиция күні қарсаңында ІІМ-де «Міндет. Абырой. Ерлік» республикалық шығармашылық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Өнер сайысына аумақтық полиция бөлімшелерінен, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінен және ведомстволық оқу орындарынан 50-ге жуық шығармашылық топ қатысты.
Көркемөнерпаздар байқауының негізгі тақырыбы Қазақстан халқының бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар болды.
Қазылар алқасы қызметкерлердің сахнада өзін-өзі ұстауын, әннің орындалуын бағалады.
Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды.