ІІМ-де Отбасы күні атап өтілді
Отбасы күніне орай «Алатау» спорт сарайының жеңілатлетикалық манежінде «Әке, ана және мен – спортшымыз шетінен» атты көңілді отбасылық сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараға ІІМ департтаменттерінен, ҚАЖК және Ұлттық ұланнан 12 команда қатысты.
Спартакиаданы құттықтау сөзбен ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен Қазақстан Республикасы ІІМ және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ашты.
Тәртіп сақшыларының отбасылары үш кезеңнен өтті: эстафета, дартс және арқан тарту. Жарысқа қатысушылар төзімділік танытып қана қоймай, отбасы ұғымының олар үшін нені білдіретінін көрсетті.
Көңілді флешмоб, аниматорлармен қызықты ойындар балаларға керемет оң эмоциялар сыйлады.
Марапаттау рәсімі де қызыққа толы болды. Себебі қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады.